11 қазан күні Қазақстанның басым бөлігін тұман басады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар аралас жаңбыр жауады.

Тек Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, көктайғақ болады, тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +10+12°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды