СҚО полицейлері 5 күнде облыс аудандарының тұрғындарынан тіркелмеген 7 мылтық тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
СҚО полицейлері облыс тұрғындарына атыс қаруын заңсыз сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Жауапкершіліктен арылудың жалғыз жолы – тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру. Ақжар ауданының 64 жастағы тұрғыны 16 калибрлі ИЖ сыңар ауыз мылтықты қорасында сақтаған.

Бұл – қаскөйлер үшін оңай олжа. Ер адамның айтуынша, қаруды өзеннің жағасынан тауып алған. Бұл жайлы полицияға хабарлаудың орнына, үйіне алып кеткен.

Тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.

Аталған факті "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында үй-үйді аралау кезінде анықталды. Іс-шараның мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу және қару қолданумен жасалуы мүмкін қылмыстар санын азайту.

"Жедел-профилактикалық іс-шара 5 қазаннан бастап өткізіліп жатыр. Облыс аудандарында барлығы 7 бірлік қару тәркіленді. Аулаларды аралаудан бөлек, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қыстақтар мен мал қамайтын учаскелердегі үй-жайлар тексерілді. Сондай-ақ тіркелген қаруы бар 4 мыңнан астам адамға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді. Олардың тарапынан қаруды сақтау және қаруды қайта тіркеу ережелерінің 22 бұзушылығы анықталды. Адамдарды тіркелмеген қару-жарақ үлгілері мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Тек осылай ғана жауапкершіліктен құтылуға болады", – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты