Солтүстік Қазақстан облысында 5 мыңнан астам маман тапшы

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында түрлі салада 5 мыңнан астам маман тапшы. Кадр мәселесін шешу мақсатында түстік тұрғындарын Солтүстікке көшіру жұмыстары жалғасуда.

Жыл соңына дейін 2700 адамға арналған квотаны игеру жоспарланған. "Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына қатысушыларға жалпы сомасы 2,1 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен барған депуттаттар қоныс аударушылармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Халық қалаулылары солтүстік өңірлердегі жұмыс күші тапшылығы мәселесі кезек күттірмей шешілуі екенін атап өтті.

"Жұмыс орны, жалақы, баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттің деңгейінде қандай шараларды қолға алуымыз керек болады? Арнайы мемлекеттік бағдарлама жасау керек бола ма, осының бәрін зерделеп, үлкен деңгейде барлық салалық министрліктердің өкілдерін, үкімет мүшелерін, қоғамдық институттарының өкілдерін шақырып, осы мәселелерді талқылайтын боламыз." Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді