16 қазандағы түскі саудада доллар төмендеді

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,34 теңгеге төмендеп, 476,64 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,12 теңгеге (-0,14) дейін төмендеді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 502,21 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,1-479,3 теңгеге, еуро 502,5-505,5 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,95 теңгеге сатылуда.

Ал 16 қазандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 0,68%-ға төмендеп, барреліне $90,27 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,57%-ға төмендеп, барреліне 85,86 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады