Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
7 қазан күні сағат 11:30-да "Қарасора – 2023" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 18 жастағы азамат ұсталды.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-ға тіркелді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды