Елімізде 6 мыңға жуық мопед жүргізушісіне айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Мопед жүргізушілерінің 6 мыңға жуық заңбұзушылығы тіркелді. Бұл самокатшылар мен мопед жүргізушілеріне қатысты заң күшіне енгеннен кейін, яғни соңғы 1,5 айда жол ережесін бұзғандар.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханының дерегінше, барлығына айыппұл салынып, жауапқа тартылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы жаңа ережеге сәйкес, мопед тізгіншілеріне рөлді бір қолмен ұстауға, жолаушы тасуға, ауыр жүк тасуға тыйым салынған.

Сондай-ақ, басында шлем, қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын затты тағып жүруі міндетті. Жол ережесін бұзғандар 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл төлейді.

Тағы қайталаса, оның мөлшері де өседі. Ал тыйым салынған жолақпен жүрген жағдайда 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл арқалайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді