Бағаны негізсіз көтерген әуе компанияларына шара қолданылады

Сурет: Zakon.kz
Бағаны негізсіз көтерген әуе компанияларына шара қолданылады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ұшаққа билет құнын арзандатуды сұраған депутаттық сауалға осылай деп жауап берді.

Премьер-министрдің сөзінше, тарифті белгілеу заңмен реттелмейді. Себебі, бұл халықаралық тәжірибеде де жоқ. Ал қызмет көрсету құны арзанырақ "Fly Arystan" компаниясының тарифі өзгермеген деп отыр.

Баға маусымдық сұранысқа, әуе кемесінің түріне, орын саны мен ұшу уақытына қарай есептеледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов жақында "Fly Arystan" "Air Astana" компаниясынан бөлініп, жеке жұмыс істейтінін хабарлады.

Бұдан кейін нарықта бәсекелестік артып, билет бағасы арзандауы мүмкін, дейді Үкімет басшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған