Алматыда бірқатар тұрғын үй кешендері мен жеке үйлерде газ өшіріледі

Сурет: pxhere
Алматыда қазанның 22-сі мен 24-і аралығында "АДК" сауда үйі аумағындағы газ құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты газ беру тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы қ. филиалының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 22-24 қазан аралығында Бостандық және Алмалы аудандары көшелері аумағындағы тұрғын үйлер мен объектілерде газбен жабдықтау ажыратылады.

АДК сауда-ойын-сауық орталығының аумағында газ құбырын жөндеуге байланысты бірқатар тұрғын үйлер мен жеке секторға газ беру тоқтатылады.

Атап айтқанда, Төле би – Розыбакиев – Сайран – Жандосов көлі көшдыелерінің ауданындағы 2975 жеке сектор, 203 ұжымдық сектор және 21 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газбен жабдықтаудан ажыратылады.

Төмен қысымды Д-325 мм жер асты газ құбырында газды үздіксіз және апатсыз беру үшін апатты газ құдығын ауыстыру жоспарлануда.


"Тұрғындардан газ крандарын жабуды, "Интергаз Орталық Азия" АҚ ОМГ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстарды аяқтағанға дейін ашпауларын өтінеміз", - деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі