Алматы аудандарында Республика күніне орай қандай шаралар өтеді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда Республика күнін тойлауға арналған іс-шаралар 20 қазан күні "ALMATY PUPPET FESTIVAL" I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуымен басталды. Фестиваль 24 қазанға дейін жалғасады.

Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында жас көрерменге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден – Өзбекстан, Польша, Болгария, Грузия, Түркиядан келген театр ұжымы өнер көрсетеді.

24 қазанда Республика күніне орай сағат 10:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында скандинавиялық серуендеу қалалық фестивалі өтеді. Оған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан зейнеткер командалары қатысады. Фестиваль бағдарламасы бойынша скандинавиялық серуендеу бойынша көрсетілімдер, концерттік бағдарлама, шығармашылық көрме, сонымен бірге фестиваль қатысушыларын дипломдармен марапаттау рәсімі өтеді.

24-25 қазан күндері Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлері қолдан жасаған бұйымдарын ұсынады.

Республика күні, 25 қазанда сағат 10:30-да "Медеу" БТСК-да мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады. Сонымен қатар мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау қаланың барлық ауданында өтеді.

Спорт іс-шараларына келсек, 25 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін спорттық-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді. Сонымен бірге Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қазақ күресінен "Өнер барысы" турнирі өтеді.

Республика күнін тойлау мен салтанатты іс-шаралар Алматының барлық ауданында өтеді:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді