Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды қолды қылған

Сурет: ҚР ІІМ
Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, ломбардтан алтын бұйымдардың жоғалғаны туралы арызданған.

Тексеру барысында белгілі болғаны, алтын жүзік, алқа, сырға тәрізді жалпы саны 9 зергерлік бұйым қолды болып, жеке кәсіпкерге 573 мың теңгенің көлемінде шығын келген.

Оқиғаны зерделеу кезінде бұрын осы ломбардта зергер болып жұмыс істеген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Сұрақ-жауап алу барысында 20 жастағы қала тұрғыны мүлікті қолды қылғанын және оны өзге ломбардқа өткізіп жібергені туралы мойындау көрсетпелерін берді.

Айғақты заттар, алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта анықталған азаматтың қала көлемінде тіркелген өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді