39 жастағы ері мен әйелі және олардың үш баласы өз үйінде өлі күйінде табылған. Олардың өліміне газбен жылытылатын пештегі ақау себеп болыпты.
"Біз тексергенде түтін шығатын тесік жоқ еді. Газ құбырдағы жылыту қазанының үстіндегі мұржасы жоқ". "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент филиалы апаттық-диспетчер қызметінің басшысы Бауыржан Байтөреев
Сегіз жылдан бері осы үйде тұрып жатқан оларға газ былтыр тартылған екен. Қазандықты қашан қойғанын мамандар анықтап жатыр. Кеше ғана отбасындағы қыздардың бірінің туған күнін үйде тойлаған екен. Сонан соң түні бойы жылу қосылып, оның улы түтіні баспананы басқан деген болжам айтылып жатыр.
Белгілісі, таңертең қыздардың бірі полицияға телефон шалып, уланғанын айтып үлгеріпті. Бірақ құтқарушылар келгенде отбасындағы ері мен әйелі және 16, 15 және 11 жастағы балалары көз жұмғанын анықтаған. Отағасы электрик, ал келіншегі мейірбике. Көршілері марқұмдарды жақсы адамдар еді деп, көңіл айтып жатыр.
"Үлкен қызы тұрған дейді. Есін жиған дейді. Шығып, "102"-ге хабар берген дейді. Сосын екі кішкентай баласын шығарған дейді. Сосын қайта ішіне кірген кезде сол жерде құлаған дейді".Көршісі Мөлдір Құдиярова