Орталық Азия елдері су тапшылығының алдын алуға мүдделі

Сурет: pixabay
Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында 2040 жылға қарай елде суға қажеттілік еселеп артып, тапшылық 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан еді.

Аталған проблеманың алдын алуды үкіметке тапсырды. Бұл ретте өзен-көлдерді ортақ пайдаланатын көршілес үш ел – Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан мәселені бірлесе шешуге мүдделі.

Оның бір мысалы қырғыз елінде салынып жатқан Қамбар ата су электр стансасы, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауқымды нысанның құрылысына Қазақстан мен Өзбекстан да қатысады. Бұл жоба Орталық Азия елдері үшін су тапшылығын жоюға айтарлықтай септігін тигізеді.

"Су тапшылығы проблемасын шешу мақсатында қолға алынған маңызды жобалардың бірі Қамбар ата су электр стансасы.Нысанды үш елдің, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның үлестік қатысуымен салу жоспарланып отыр. Мақсат – ортақ байлығымыз суды бірлесе пайдалану." Муса Джаманбаев, Қырғызстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді