Прагадағы мейрамхана, компаниялар, БАӘ-дегі вилла: Тілеубаевтың мүлкіне Delta Bank ісі бойынша тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz
2012-2017 жылдар аралығында Н.Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банктен қаражатты алып шығарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан "Вентспилс астық терминалының" 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.

Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді.

Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде "ҚазИнвестБанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ болып табылады.

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты