Елордада есірткі таратқан интернет-дәріхананың жұмысына тосқауыл қойылды

Сурет: Zakon.kz
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері елордада "синтетика" сатуды ұйымдастырған интернет-дәріхананың басшысын ұстады.

Полицейлер әлеуметтік желіні қадағалай отырып, 24 жастағы есірткі сатушының ізіне түскен.

Оның "синтетиканы" белгілер қою арқылы қала аумағына таратқаны анықталды. Тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысының арқасында дилерді мефедрон сатпақ болған кезде ұстауға мүмкіндік болған.

Оны жеке тінту кезінде сатуға дайын 10 есірткі орамасы бар екені белгілі болды. Одан әрі жалдамалы пәтерді рұқсат етілген тінту кезінде бөлменің әртүрлі бөліктерінен 600 пакет, изолента, электронды таразылар және есірткі заттарын орау үшін өлшеуіш қасықтар, сондай-ақ "синтетика" салынған ыдыстар мен сөмкелер табылған.

Тәркіленген мефедрон есірткісінің жалпы салмағы 2,5 келіден асады, бұл бір реттік жеті мың дозаны құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындап, полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін