Өзбекстанда тұратын қазақ жастарының ЖОО түсуі жеңілдейді

Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда тұратын қазақ жастарының Қазақстандағы жоғары оқу орнына түсуі жеңілдейді. Яғни, қандастар үшін ұлттық бірыңғай тестілеудегі шекті балл деңгейін түсіру мүмкіндігі қаралады.

Мұндай бастаманы "Отандастар қоры" көтерді. Өзбек елінде 370-ке жуық қазақ мектебі бар.

Еліміздің жоғары оқу орындары, онда сабақ беретін қазақ мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға көмектесуді де жолға қоймақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, ұстаздар үшін арнайы оқу курстары ұйымдастырылады.

"Қазақстан мен Өзбекстанның білім мен мәдени- гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын арттыру маңызды. Бұл мақсатта қолға алынып жатқан шаралар баршылық. Мәселен жақында Шыршық қаласында Әуезов атындағы университеттің филиалы ашылады. Бұл- жастарға сапалы білім беру ісін ілгерілетуге жасалған қадам." Ойдин Абдуллаева, Өзбекстан Олий Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды