Талдықорғанда екі жасөспірім ойын автоматын бұзып, тонап кеткен

Сурет: polisia.kz
Талдықорған полицейлері қала орталығында орналасқан ойын автоматты бұзып, ішіндегі сыйлықтарды ұрлап кеткен екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екеуі де ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді.

"Күдікті ретінде 19 және 16 жастағы екі азамат ұсталды. Ойын автоматынан электронды темекі (вейп), зарядтағыш және ұялы телефонға арналған екі құлаққап ұрланғаны анықталды. Іс бойынша тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына ("Ұрлық") сәйкес жүргізіліп жатыр".Талдықорған полиция басқармасы


Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды