Шымкентте виски ұрлаған ер адам камераға түсіп қалды

Сурет: polisia.kz
Полицияның "102" арнасына әл-Фараби ауданында орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Сатушының айтуынша, белгісіз біреу сауда сөрелерінен қымбат алкогольдік сусындарды ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері арызды ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тексеру кезінде ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны анықталды. Ер адам дүкенге емін-еркін кіріп, бір бөтелке вискиді алып, шалбарының ішіне салып, жайбарақат шығып кеткен.

Іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер тегін ішімдікке әуес азаматты ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады