Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: mgorod.kz
Оралда жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкелген оқиға 14 қараша күні сағат 18:30-да болған. Айналма тас жолда жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде Lada Largus және DAF жүк көлігі соқтығысқан, деп жазды mgorod.kz.

"1990 жылы туған Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол жерде 1988 жылы туған жүргізуші басқарған DAF көлігімен соқтығысқан". Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі

Lada көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы (1987 жылы туған) оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді