Баспаналы болудың басты жолы

Тараз қаласында халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Осылайша мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде "I, II топтағы мүгедектер", "Көпбалалы отбасы", "Мүгедек бала асыраушы отбасы", "Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаттарында тұрған азаматтарға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 460 пәтерге 4,0 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушыларына 1,5 миллионға дейін тұрғын үй сертификаты берілуде.

Ал "Концепция" бағдарламасы аясында 500 пәтерге 4,0 млрд теңге қарастырылған. Аталған пәтерлер инжинерлік құрылысы аяқталған соң конкурсқа шығарылмақ.

Сондай-ақ "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында 523 пәтер рәсімделген. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 3 623 пәтерге сатып алу келісім шарты жасалыпты.

2023 жылға дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж адам ретінде үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты – "Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы іске қосылып, 751 отбасы баспаналы болған. Сонымен қатар 2019 жылдан бастап үй кезегінде "Толық емес отбасы", "Көпбалалы отбасы", "Мүгедек бала асыраушы отбасы" санаттарында кезекте тұрған азаматтарға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 288 отбасы үйлі болып отыр.

"Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушыларына бастапқы жарнасы 10% болатын, 1 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты берілуде. 2019 жылы 24 азаматқа – 18 957 867 теңгеге, 2020 жылы 38 азаматқа – 31 865 112 теңгеге, 2021 жылы 20 азаматқа – 18 170 460 теңгеге сертификат берілген. 2022 жылы 10 адамға – 9 191 158 теңгеге, 2023 жылы 97 адамға – 95 400 000 теңгеге сертификат тапсырылған.

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: