Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады

Сурет: pexels
Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының екі азаматының орналасқан жерін анықтап ұстады. Қылмыскерлер ұзақ жылдар бойы іздеуде жүрген, деп жазды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

57 жастағы ер адам 2000 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында 17 жастағы қызды зорлаған, ал 69 жастағы әйел 1999 жылы Ресейде есірткі қылмысын жасаған. Осы жылдар ішінде екеуі де жасырынып, тұрғылықты жерін ауыстыра берген.  

"Адамдарды іздестіру үздіксіз жүргізіледі. Жедел қызметкерлер қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады".  Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады