"Ұятты жағдай. Оны мойындау керек, бірақ әр адамның жүрегіне, ойына қанына сіңетін ойларын біз біле алмаймыз. Тексерістен талай рет өтті. Жаңадан келген қызметкер емес. Талай жылдар істеп келе жатқан адам. Бірақ осындай нәрсе істеп қойды енді. Кеше барлық тексеріс өткізілді. Талдықорған департаменті басшылығының жауапкершілгі қаралды. Министр бастықтан бастап, оның орынбасарларын орнынан алып тастады".ІІМ орынбасары Марат Қожаев
Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілініп, екі айға қамауға алынған еді.
Кейінірек зорлық көрген қыздың адвокаты оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов арнайы топпен Жетісу облысына барып, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты.
"Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ", - деді министр Ержан Саденов.
Жетісу облысы полиция департаменті бастығының міндетін полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болды. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.