Сәтқалиев АЭС бойынша референдум жөнінде: Оң шешім қабылданады деп сенеміз

21 қарашада Мәжіліс кулуарында ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансаларын салу бойынша өтетін референдум жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, ведомство қазақстандықтарға станса салуды қолдайды деген зор үміт артып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік басшысы халық атом энергетикасының маңызын түсінетініне сенім білдірді.

Иә, біз бұл жөнінде ойландық (қазақстандықтардың реакциясы – ред.). Егер теріс шешім қабылданса, бұл жұмыстың бәрі тежеледі. Дегенмен біз оң шешім қабылданады деп сенеміз. Өйткені біз атом энергетикасының – көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ажырамас бөлігінің маңыздылығын түсінеміз. Атом энергетикасын өнеркәсіп пен ел экономикасының табиғи дамуы ретінде түсінеміз. Алмасадам Сәтқалиев

Министр атом электр станциясының құрылысы циклдің соңғы бөлігі болатынын және бұл экономика мен ғылымды дамыту үшін орасан зор әлеует тудыратынын айтты.

"Атом электр стансасын салуға дайындық барысы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін көп уақыт бұрын басталғанын білесіздер. Яғни, біршама жұмыс атқарылды, ықтимал тендерлер анықталды. Енді құрылысқа қатысты түпкілікті шешімді жалпыхалықтық референдум негізінде ғана қабылдаймыз. Ал бұл толыққанды референдум болады, онда Қазақстанда атом электр стансасын салу немесе салудан бас тарту туралы нақты шешім қабылданады. Бірақ біз тендерге қатысушылармен кеңесіп жатырмыз. Мен іріктеу бойынша шешім қабылдау үдерісін тоқтатқанымызды жоғарыда айттым, бірақ консультациялар біздің қазіргі байланыстарымыздан туындайтын әдеттегі техникалық процесс", – деп түсіндірді Алмасадам Сатқалиев.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 6 қыркүйекте мәжіліс кулуарында Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: