Жетісу облысына 20 мың доза вакцина жеткізілді

Сурет: pixabay
Жетісу облысына қызылша дертіне қарсы 20 мың доза вакцина жеткізілді. Тамыз айынан бері өңірде бұл вирустық індеттің өсуі байқалған.

Қазіргі таңда 467 жағдай тіркелсе, оның 319-ы расталып отыр. Ауру жұқтырғандардың 60 пайызы бес жасқа дейінгі балғындар.

Ал науқастардың 83 пайызы бұрын қызылшаға қарсы егілмеген. 6 қарашадан бері жаппай иммундау аясында 6 айлық нәрестелерге вакцинациялау басталды.

Сондай-ақ вирус жұқтырған адамдармен қатынаста болған 37 мың адам анықталып, олардың 600-ге жуығы екпе салдырды.

Ал желтоқсан айынан бастап, 2 жастан бес жасқа дейінгі балалар егіле бастайды.

"Арнайы емі жоқ бұл аурудың. Ең басты біздің алдын алу шарамыз бұл – вакцинация. Сондықтан қазіргі кезде жаппай қосымша иммундау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге вакцина жеткізілді. 20 мың доза келді. Сол аудандарға таратылып берілді. Бізде бүгінгі күнге 371 бала, адам егіліп болды." Индира Күнбасова, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда