Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 50 мың адам әкімшілік жазаға тартылды

Сурет: pexels
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істердің басым бөлігі тараптардың татуласуымен аяқталады. Салдарынан кінәлі жазадан құтылып, іс қысқарады.

Сондықтан, заңнан "татуласу", "ескерту" деген тармағын алып тастау керек.

Бүгін жоғарғы сотта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өткен кеңесте осындай ұсыныс айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жиынға судьялармен қатар, Бас прокуратура, ішкі істер министрлігінің басшылығы қатысты. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, жылда кемінде 80 әйел жұбайының қолынан көз жұмады. Биыл 10 айда 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жиналғандар отбасының шырқын бұзатындардың ісі жедел қаралу қажет деп санайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға қамауды көбейту керек.Бүгін 30 күнге дейін қамауға алуға болады. Оны одан да көбейтуге болады. Әбдірашид Жүкенов, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін