5-6 желтоқсанда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 5-6 желтоқсан күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

5 желтоқсан – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ. Түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей кезде екпіні 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

6 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық қар жауады, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз одан әрі төмендейді.

7 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 22-24 аяз.

Алматы

5 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы.

6 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.

7 желтоқсан – бұлтты, әлсін-әлсін жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 3-5 градус жылы.

Шымкент

5 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы

6 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.

7 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 3-5 градус жылы.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін