Павлодарлық тұрғын есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Семей қаласының тұрғыны Павлодар қаласында қамауда отырған, бұрын бірге тұрған ер адамға тортқа есірткі заттарын салып, апарып бермекші болған, бірақ сәлемдемені ҚАЖД қызметкерлері тауып алған.

Осы фактіні тергеу барысында Павлодар полицейлері 2023 жылдың қаңтар айында Семей қаласының тұрғыны Павлодарға ресми тұрақты табыс көзі жоқ, ақшалай қаражатқа мұқтаж болып келгенде, "Telegram" интернет-мессенджерінен жұмыс туралы ұсыныс алғанын анықтады.

Әкімші есірткіні жасырын жерге тығып қою керек екенін түсіндірді. Белгісіз адамнан ол Павлодар қаласының аумағында өткізу мақсатында психотроптық заттарды одан әрі заңсыз айналымы үшін орналасқан жерінің координаттарын алып отырған.

"Полицейлер мен жалдамалы пәтерде тінту кезінде сараптама қорытындысы бойынша аса ірі мөлшердегі психотроптық зат болып табылатын зат, сондай-ақ есірткі құралдарын өлшеп орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді", – дейді Павлодар облысы ПД.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3, 5 тармақтары (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді және сотқа жіберілді. Сот шешімімен қала тұрғынына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: