КТК телеарнасының хабарлауынша, Қонаев қаласы сотының төрағасына "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергелуі тиіс күдіктінің ісін "Қылмыс туралы хабарламау" бабына өзгерткені үшін ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.
Ал Талғар аудандық сотының судьясы кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша істі боп жатқан адамнан делдал арқылы пара алды деген күдікке ілінген.
Ал үшінші жағдайда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Антикордың мәліметінше, ол кәсіпкерден салық үшін миллиардтаған қарызы бар екі компанияны "банкрот" деп тану үшін пара алған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар істеген жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді".ҚР сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов