Еуропада құс тұмауы өршіді

Сурет: pixabay
Еуропада құс тұмауы қайта өршіді. Франция үкіметі індеттің таралу қаупі "жоғары"деп бағалап, шаруа қожалықтарына сақтықты күшейтуді жүктеді.

Құс тұмауы Дания, Италия, Германия, Нидерланд, Франция мен Бельгияның шаруа қожалықтарында көптеп тіркелуде.

Осы елдерде соңғы бір аптаның өзінде 2 млн-нан астам қанаттының көзі жойылған.

Былтыр індеттің кесірінен Еуропаның 37 мемлекетінде 50 млн құс өртелген болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл сондай шығын шықпас үшін биліктегілер шаруа қожалықтарына тауықтарды сыртқа шығармай, жабық жерде ұстап отыруды жүктеді.

Вирустың алдын-алу үшін күзде Францияда 250 үйрекке құс тұмауына қарсы вакцина салынған болатын. Екпе тиімділігін дәлелдесе, өзге елдер де індетпен күресте осы шараны қолға алмақ.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды