Түркістан облысында жас жігіт үйлену тойында аспанға оқ атқан

Сурет: otyrar
Түркістан облысында үйлену тойында аспанға қарумен оқ атқан 19 жастағы жігіт жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоға жас жігіттер аспанға қандай да бір қарумен оқ атқаны және кортеждегі жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны түскен.

Полиция қызметкерлері оқиғаның Сайрам ауданында болғанын анықтады. Сондай ақ, жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

"Сайрам ауданының полицейлері 19 жастағы тұрғынның қолындағы қарудың сигналдық қару екенін анықтады. Сонымен қатар, жол ережесін бұзған жүргізушілердің жеке басы нақтыланып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бірдей бабымен хаттама толтырылды". Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова

Мәжіліске қызметтік иттер кіргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған