Сәтқалиев жылуға қатысты туындаған мәселелер неге апатқа жатқызылмағанын түсіндірді

Сурет: pixabay
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 12 желтоқсанда Үкіметте өткен брифинг барысында өңірлерде жылуға қатысты туындаған мәселелер неге апатқа жатқызылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәтқалиев бірінші, екінші және үшінші дәрежелі технологиялық бұзушылықтардың біліктілік анықтамалығы бар екенін атап өтті. Онда қандай жағдайда апат және қандай жағдайда технологиялық бұзушылық тіркелетіні анық көрсетілген.

"Классификатор бойынша бұл - технологиялық бұзушылықтар. Неге бір уақытта орын алды? Өйткені аязды күндер келді, станцияларда қысым болды, бірақ желілер ескірген. Станциялар бойынша, алдын-ала анықталған ақаулары деп аталады... Апат десе де болады, бірақ технологиялық тілмен айтқанда, бұл технологиялық бұзушылықтар", - деп түсіндірді министр.

12 желтоқсанда Алмасадам Сәтқалиев өткен аптадан бастап күн аяздай бастағанда энергия нысандары мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылықтар орын алғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды