Қытайда карантин қайта жарияланып, қазақстандықтардан маза кетті

2023 жылы 13 желтоқсанда Қытайда бетперде тағу режимі қайта енгізілгені белгілі болды. Бұл міндетті шараны бұзғандарға 500 юань айыппұл салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – Қытай ауруханасындағы кезек. Осыдан-ақ елдегі күрделі жағдайды аңғаруға болады. Бұған дейін көрші мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдары вирус туралы көп мәлімет тарата қоймады. Тек бүгін бетперде тағу режимінің қайта енгізілгенін жариялады. Оны орындамағандарға 500 юань айыппұл салынады. Енді Қытай үкіметі тұрғындарды ревакцинациядан өткізбек. Бұл туралы естіген тұрғындар желіде түрлі ақпарат тарата бастады. "Қытай қырылып жатыр дейді. Әлеуметтік желі, бәрін өшіріп тастаған. Қатты қырылып жатыр бәрі. Мүмкіндігінше маска алып қою керек. Бір күнде жабылып қалуы мүмкін. Өкпе ағарып кетеді дейді" делінген желідегі түрлі алып-қашпа сөздерде. Мұны естіген қазақстандықтар елең-алаң, деп хабарлайды Astana.tv.

Жұрт Қытайдан вирус келеді деп үркіп жүргенде Қостанайдан гонконг тұмауын жұқтырғандар көбеюде. А типті вирустың белгілері кәдімгі тұмауға ұқсас. Бас ауырады, қызу көтеріліп, дене қалтырайды, әлсіздік байқалады.

"Эпидемиялық маусым кезеңінде Қостанай облысында 1 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін 34837 ЖРВИ, 44 тұмау жағдайы тіркелді.Бұл сырқаттар бұрынғы жылмен салыстырсақ 4 пайызға өсуін байқаймыз". Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова

Гонконг тұмауы Астанада да тіркелген. Дәрігерлер бұл вирустың өзгелерге қарағанда өте қауіпті екенін айтады.

"Екі жұма болды тұмаудың циркуляциясын анықтап отырмыз. H3N2 деген түрі циркуляцияда. Осы H3N2 түрі гонконг грипі деп аталады. Сондықтан қазіргі таңда гонконг тұмауы елімізде де, Астанамызда да бар. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін көк жөтелге де вакцина алу керек". Астана қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сарқат Бейсенова

Дәрігерлер елде вирустың түр-түрі жүргенін айтады. Аты бөлек болғанмен, заты бір. Науқасты шыр айналдырып, бірден құлатады. Ауруханаға келушілер де, кезекте тұрғандар да көп. Арасында жүкті әйел мен бала көп.

"Қазіргі таңда елордада эпид ахуал тұрақты емес. Тұрғындар арасында аурудың көбейгені байқалады. Оның ішінде балабақша жасындағы балалар және мектеп жасындағы балалар инфекциялық ауруғанаға түсіп жатыр". Қостанай қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева

Елде ЖРВИ вирусын жұқтырғандар да аз емес. 1 млн 370 мың жағдай тіркелді. Оның 66 проценті – бала.


Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: