"Күдікті өтіп бара жатқан адамдарды мұқият бақылаған. Кеш және жалғыз қайтып келе жатқан қыздарға аса назар аударды. Жандарынан жүгіріп өтіп қолдарынан телефонды тартып алды. Сөйтіп, кешкі сегіз жарым шамасында ол 20 жастағы қыздың қолынан IPhone телефонын тартып алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда біздің аудан бойынша 7, Бостандық ауданында 7 зардап шеккен азаматтан арыз келіп түсті. Қаскөй жасаған қылмысын мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша тергелуде. Сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.