Ақмола облысында еңбек қатынасында 72 заңбұзушылық анықталды

Сурет: pixabay
Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығынан заңсыз ақша ұсталып келген. Мұны прокурорлар тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, оларға қосымша еңбек демалысы берілмеген. Заң бойынша жұмыс уақыты да қысқартылмаған. Қазіргі таңда мұндай әрекетке барған 60 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, биыл өңірде еңбек заңдылықтарын бұзудың 72 дерегі анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Прокурорлардың мәліметінше, жүргізілген тексеріс барысында кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылар құқығын қорғауға немқұрайлы қарайтыны белгілі болды.

Нәтижесінде, осындай кемшілік жіберген 200-ден астам адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Мүгедектігі бар 103 адамға негізсіз ұсталған салықтарды және нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждарды қайтару, мүмкіндігі шектеулі 56 адамға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, бұл салада жиі кездесетін мәселелер жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шартын жасамауы болып табылады." Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді