Алматыда үш жаңа саябақ құрылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл ауданы 64,8 га болатын 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды: Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың даңқ алаңы. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.

2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістік құрылып, жұмыс 2025 жылы аяқталады.

Өжет, Кемел ықшамаудандары мен Боралдай өзенінің бойында 3 жаңа саябақ салу қарастырылуда. Сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағын — Баум тоғайы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңартып, абаттандыру жоспарда бар.

Нәтижесінде 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 га-дан 977 га-ға дейін кеңейтіліп, 2024 жылы 1 080 га-ға дейін ұлғайтылмақ.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды