Астана әуежайы жаңа режимде жұмыс істейді

Сурет: Telegram/nqzairport
Астана әуежайы жолаушыларға жаңа режимде жұмыс істейтінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат 2023 жылғы 15 желтоқсан күні әуежайдың Telegram арнасында жарияланды.

"Астана әуежайы – Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық тораптың бірі. Біз жолаушыларымыздың сапарын жайлы әрі қауіпсіз қылу үшін еңбектенеміз. Әуежайда өткізетін уақыттарыңызды одан әрі жағымды ету үшін Астана әуежайы "тыныш әуежай" режимінде жұмыс істейді", – делінген хабарламада.

"Тыныш әуежай" – әуеайлақтың жұмысы кезінде туындайтын шуды, артық дыбыстарды азайтуға бағытталған.

"Біз сіздердің рейсті күту кезінде көптеген эмоцияларды бастан өткеретіндеріңізді түсінеміз, сол үшін де әуежай сондай кедергілерді азайтуды көздеді. Сондықтан ақпараттық таблоны мұқият әрі жіті бақылауларыңызды сұраймыз. Табло рейстердің ұшу және қону уақыты туралы өзекті ақпаратты көрсете отырып, сіздерге бағыт-бағдар береді".Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Әуежай өкілдері "осылайша жолаушылар уақытын тиімді жоспарлап, рейстен кешігу жағдайының алдын ала алады" деп есептейді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін