ТЖМ арнайы техникасы көлікті басып өтті: құтқарушылар тағы бір фейк туралы ескертті

Сурет: видео скрині
Желіде Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникасы тас жолда қозғалып, көлікті басып өткені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал министрлік мұның шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Жамбыл облысындағы құтқару жұмыстарына тартылған Төтенше жағдайлар министрлігінің техникасымен ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Азаматтардан ешқандай шағым түскен жоқ. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін естеріңізге саламыз!" Төтенше жағдайлар министрлігі

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланып, фейк таратқан еді.

Фейк авторлары жыл соңына дейін әрбір қазақстандықтың картасына 150 мың теңгеден түсетінін нақтылайды. Мұнысы анық болуы үшін Қамыс-Жомарт Тоқаевтың суретін де жазбада пайдаланады. Алайда Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді