Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: alau.kz
17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында Қостанай – Сарыкөл тас жолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазды alau.kz.

"Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады". Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін