Астанада қалың қар: әкімдік мәлімдеме жасады

2023 жылғы 19 желтоқсанда Астана әкімдігі мәлімдеме жасады. Таратылған хабарламада елордадағы күн райы жағдайына байланысты қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқаны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр.

"Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ маршруттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады".Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұған қоса әкімдік қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар екенін атап өтті. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, сол сияқты жарықтандыру қосылған.

"Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалды. Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз".Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: