СҚО-да ауыл тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отыр

Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының 20 ауылында 1 мыңға жуық отбасы жарықсыз отыр. Мамандар 3 тәуліктен бері ақауды жоя алмай жатыр.

Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған.

Бір ай бұрын қатты дауылдан кейін 183 елді мекен жарықсыз қалған еді. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері тағы да бұрқасын болады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бірінші кезекті мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар бақылауға алынды. Апаттық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ертең кешке дейін барлық елді мекендерге жарық беріледі деп ойлаймыз." Ерлан Қайырбеков, облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Ақмола облысында да қатты желдің кесірінен төрт ауылында екі жүзге жуық тұрғын үш күннен бері жарықсыз отыр. Қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Оған 3 техника мен 9 қызметкер жұмылдырылған. Айта кетейік, апат болған Зеренді ауданында электр желілері әбден тозып тұр. Осыған байланысты бірнеше жыл бұрын аймақта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі