Қазақстанда жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық адам ажал құшады — Сенат депутаты

Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын жол апатынан екі мыңға жуық қазақстандық ажал құшады. Оның тең жартысынан астамы — жасөспірім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, жуырда ғана болған Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған жол апаты мегаполистердегі проблемаларды көрсетті. Ол бұл мәселені дереу шешу керегін айтып, Үкімет басшысының атына сауал жолдады. 

"Өткен аптада Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың кесірінен аялдамадағы үш адам, соның ішінде төрт баланың анасы, ерлі-зайыпты ұстаз қайтыс болды. Бұл жол-көлік оқиғасы еліміздегі мегаполистердегі шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетіп отыр. Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған, аялдамалардың көбісі көлік жолына тым жақын орналасқан". Бибігүл Жексенбай

Еске сала кетейік, өткен жұмада Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болған. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегінде тұрған бір топ адамды қағып өтті. Үш адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға түскен. Марқұмдардың артында 4 бала тұл жетім, үшеуі әкесіз қалды.

Қайғылы оқиғаға жүргізуші мен жолаушы арасындағы дау себеп болған. Жолаушы рөлде отырған әйелге жұдырығын ала жүгірген. Соққыдан тізгіндегі әйел есінен танып, автобус бар жылдамдығымен жол жиегіндегі аялдамада тұрғандарды жаншып өткен. Қазір қайғылы оқиға қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті жолаушы екі айға қамауға алынған. Ал жүргізуші әйел ауруханада емделіп жатыр. Автобус тізгінінде болған 36 жастағы келіншекке қатысты қандай шара қолданылатыны әлі белгісіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты