Түркістан облысында айыппұлы төленбеген 300-ден астам көлік айыптұраққа қойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмысты жандандыру және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүргізу мақсатында Түркістан облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шарада 100-ден астам мобильді топ құрылды. Жедел басқару орталығы, "Автоураган" 2 кешені мен "Қорғау" бағдарламасы мүмкіндіктерінің көмегімен айыппұлы төленбеген автомобильдерді анықтау және тұраққа жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ "Кибер-шериф", "Кардон-про", "Крис-П, "Арена" мобильді кешендерінің мүмкіндіктері қолданылды. 5 тәулікте, яғни "Борышкер" іс-шарасының нәтижесімен 3846 әкімшілік хаттама толтырылып, жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде төленбеген берешегі бар 315 автомобиль автотұраққа қойылды.

Оның ішінде 87 автокөлікті "Автоураган" мобильді кешені анықтады. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша 3764 азаматқа айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама таратты.

Құқық бұзушылардың жұмыс орындары бойынша мәжбүрлеп іс жүргізу үшін 234 ұйғарым, ал жеке сот орындаушыларына 2105 қаулы жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі