"Орталық бейітке" күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды. Аумағын абаттандыру, көгалдандырудан бөлек, жол салынды. Оған 110 млн теңге қаржы жұмсалды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, өткен жылы Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту ретінде жергілікті кәсіпкерлер Қорқыт ата ескерткіш-кешенін, Хорасан ата кесенесін қайта жаңғыртып, айналасын абаттандырды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдағы уақытта Оқшы ата кешені басында да осындай жұмыстар жүргізіліп, Марал баба кесенесіне 7 шақырымға жуық жол салынбақ.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесін абаттандыруға демеушілер 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Кесене XIV ғасырда салынған, 2005 жылдан бері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген." Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі