Бәйшешек Қазақстанның тағы бір өңірінде гүлдеді

Сурет: Түркістан әкімдігі
Түркістан облысында да бәйшешек қаңтарда гүлдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысындағы "Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бәйшешектер гүлдеді. Ерекше сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған.

"Сырдария-Түркістан" мемлекет өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторнг бөлімінің меңгерушісінің айтуынша бәйшешектің бұл түрі кессельринг лапызы деп аталады. Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және шу іле тауларынан басқа Памир-Алай тауында өседі. Тіпті Қазақстан қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған", – дейді мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков.

Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз және тіке, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен қоса өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді. Ареалы – Орта Азия.

Бұған дейін Алматы облысының тауларында қаңтар айында бәйшешек гүлдеген еді.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды