Шымкентте хайуанаттар бағы арыстанның үш абаданымен толықты

Сурет: pixabay
Шымкент хайуанаттар бағындағы жыртқыш жануарлар қатары африкалық арыстанның үш абаданымен толықты. Өткен жылдың соңында туған күшіктерді ветеринарлар енді ғана енесінен ажыратып, көпшіліктің қызықтауына жіберді.

Олардың біреуі ұрғашы. Салмақтары 4-5 келі аралығында болып туды. Симба мен Тану атты арыстандардың бұл екінші рет ұрпақ әкелуі, деп жазады qazaqstan.tv.

Абадандар мұнан әрі қарай да Шымкент хайуанаттар бағында тіршілік ететін болады. Әзірге оларды сату немесе айырбастау қарастырылып жатқан жоқ.

Зообақ қызметкерлдері абадандарға ат беруі үшін әлеуметтік желіде көпшілік арасында сауалнама жүргізіп жатыр. Солардың ішіндегі көпшілікке ұнамды дегендері таңдалып алынбақ.

"Екі айдың көлемі болды аталықтарының салмағы 12 килограмнан асса, аналығы 10 келіден асып отыр. Қызметкерлер апта сайын, ай сайын тексеріп отырады салмағын, бойын, тәбетін дегендей." Болат Әмізебек, зообақ қызметкері
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді