Шымкентте 700-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Департамент бастығының бұйрығымен өткен "Stop-граффити" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында жалпы саны 731 есірткі жарнамасы жойылды.

Есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді заңсыз насихаттаудың жолын кесу және жарнамаларды жою жұмысына 158 тәртіп сақшысы мен 342 ерікті жұмылдырылды.

Шара барысында Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран ауданы аумақтарында қабырғаларға салынған есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбалар өшіріліп, оның орнына "Stop-граффити" таңбасы басылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет сағатында депутаттар Шымкентте есірткі жарнамаларының көбеюіне қатысты өз наразылықтарын білдірген болатын. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында да осыған байланысты көптеген сауал туындаған еді.

Осыған орай, полиция департаментінің бастығы жедел шара қолданып, қалалық жастар орталығы, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 10-14 қаңтар аралығында жергілікті деңгейде "Stop-граффити" ЖПІШ өткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін