Жетісай полицейлері садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады

Сурет: Zakon.kz
Жетісай аудандық полиция бөліміне садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы мешіт қызметкері шағым түсірген.

Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке ілінген 18 жастағы жұмыссыз екі жігіт анықталды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара сөз байласып, 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскен. Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаларды жымқырған.

Қолды еткен ақшаны екеуара бөліп алған. Қазіргі таңда күдіктілер жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі