Алматыда - 13 ℃, Шымкентте жаңбыр: Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2024 жылдың 23-25 ​​қаңтарында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 9-11 градус аяз.

24 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 градус аяз.

25 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 1-3 градус аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

24 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

25 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

24 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.

25 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады