Пышақпен қорқытқан: Түркістанда жас жігіттен ақша талап еткен күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Түркістанда тал түсте жас жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қамауға алынды.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ақша талап еткенін жеткізді.

Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған.

Жас жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер азамат шығып, пышағын көрсетіп, қорқытқан. Артынша ақша талап еткен.

Жас жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның телефонын алып кеткен. Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін