Жамбыл облысының полицейлері Алматыдан көлік ұрлаған азаматты қолға түсірді

Сурет: polisia.kz
24 қаңтар Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматыдан Toyota Camry автокөлігін ұрлап, Шымкентке бара жатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны взводының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 240-шақырымында аталған автокөлікті байқап, оны тоқтатып, ұстады.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу құжаты жоқ екенін және көліктің ұрланғанын анықтады.

Аталған көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған. Жүргізуші көлік ұрлағаннан кейін ақша табу үшін жолдан екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды.

Оқиға орнына Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу жетті.

Қазіргі уақытта күдіктіні Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы алып кетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды