Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан екі жасөспірімді ұстады

Сурет: Zakon.kz
Қала орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу бағытында қызмет атқарып жүрген Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған қос азаматты көрген.

Қызметтік көлікті көрген азаматтар жүрген жерлерінен ізін жасырмақшы болған. Алайда, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында олар қолға түсті.

Олардың бірі 16, екіншісі 17 жастағы колледж студенттері екені белгілі болды. Ұсталғандар "синтетикалық" есірткі жасырумен айналысып жүргендерін мойындады.

Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілер лақтырып жіберген сөмкені тауып, одан жалпы салмағы 18 грамм болатын ұнтақ тәрізді 18 орам заттарды тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі